Accessibility links

Малаланың портреті аукционда сатылды


Малала Юсуфзайдың аукционға түскен портреті. Нью-Йорк, 14 мамыр 2014 жыл.
Малала Юсуфзайдың аукционға түскен портреті. Нью-Йорк, 14 мамыр 2014 жыл.
Пәкістандық қыздардың білім алуын насихаттайтын мектеп оқушысы, белсенді жасөспірім қыз Малала Юсуфзайдың портреті Нью-Йорктегі Christie's аукционында 102 мың 500 АҚШ долларына сатылды.

14 мамыр күні Нью-Йорктің Christie's аукционында суретті сатудан түскен ақша Нигериядағы қыздардың білім алуын қаржыландыруға жұмсалмақ.

2012 жылы сол кезде 15 жаста болған Юсуфзайды Талибан жасақтары ауыр жаралаған еді. Талибандықтар оған Пәкістанның Сват алқабында қыздардың білім алуын қолдап блок жаза бастағаны үшін оқ атқан.

Портретті британ суретшісі Джонанат Йео 2013 жылы Малала Юсуфзай Ұлыбританияның Бирмингем қаласындағы мектепке барып жүргенінде сызған.

Джонатан Йео Юсуфзайдың портретін мұндай жастың "үлкен күші мен даналығын" бейнелеп қалу үшін салғанын айтады.
XS
SM
MD
LG