Accessibility links

Ресей: "Протон-М" сынықтары ауада жанып кеткен


Апатқа ұшыраған ресейлік "Протон-М" зымыранының ұшырылу сәті. Байқоңыр, 16 мамыр 2014 жыл.

Апатқа ұшыраған ресейлік "Протон-М" зымыранының ұшырылу сәті. Байқоңыр, 16 мамыр 2014 жыл.

Байқоңырдан ұшырылған соң бірнеше минуттан кейін апатқа ұшыраған ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышының сынықтары атмосфера қабатында жанып кетті деп хабарлады Ресейдің "Роскосмос" федералдық ғарыш агенттігі.

16 мамырда Астана уақытымен түнгі сағат 3:42-де Байқоңырдан Ресейдің "Экспресс-АМ4Р" байланыс зымыраны тіркелген "Бриз-М" блокты зымыран тасығышы ұшырылған еді. Зымыран спутникті Жер орбитасына алып шығуы тиіс болған. Ұшқаннан кейін 9 минуттан соң зымыран тасығышта ақау пайда болып, апатқа ұшыраған.

"Телеметрикалық ақпаратқа жасалған талдаудың алдын-ала мәліметтері бойынша, апат зымыран 160 километр биіктікте ұшып бара жатқанда болған. Зымыранның барлық бөліктері және отыны атмосфераның тығыз қабатында жанып кетті" дейді "Роскосмос".

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG