Accessibility links

Украина: компартия лидері сайлауға түсуден бас тартты


Украина компартиясы лидері Пётр Симоненко (сол жақта).

Украина компартиясы лидері Пётр Симоненко (сол жақта).

Украина коммунистік партиясының жетекшісі Пётр Симоненко жұма күні президент сайлауынан кандидатурасын алып тастайтынын мәлімдеді.

Симоненко бұл туралы теледебат кезінде айтқан. Оның сөзінше, Компартияның басқа да мүшелері сайлауды заңсыз деп санайды. Саясаткер "Украинада соғыс жүріп жатыр, ел территориясынан айырылды, Одессадағы, Донецк және Луганск облыстарындағы оқиғалар азаматтарға қайғы әкелді" деген. Симоненко "елді қазіргі бей-берекет жағдайдан құтқару" қажеттігін айтқан.

«Интерфакс» хабарлауынша, теледебаттан кейін Симоненкоға шабуыл жасалған. Қолдарына ағаш шоқпар ұстаған белгісіз біреулер оның көлігінің әйнектерін сындырған.

Украина заңдары бойынша, кандидаттардың сайлаудан шығу мерзімі өтіп кеткен.

Мұның алдында Наталья Королевская мен Олег Царёв өз кандидатураларын алып тастаған еді. Сайлауға қатыспайтынын Зорян Шкиряк та мәлімдеді. Бірақ Украина орталық сайлау комиссиясы оның өтінішін орындай алмады. Қазір президент сайлауына ұсынылған кандидаттар саны - 21.
XS
SM
MD
LG