Accessibility links

Иран келіссөздерінде пікір алшақтығы байқалады


Иранның МАГАТЭ-дегі тұрақты өкілі Реза Наджафи. Вена, 12 мамыр 2014 жыл.

Иранның МАГАТЭ-дегі тұрақты өкілі Реза Наджафи. Вена, 12 мамыр 2014 жыл.

Вена қаласында жұма күні аяқталған Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздер алға жылжымады. Керісінше, тараптар пікірінде алшақтық байқалды.

Иран делегациясының басшысы Аббас Аракчи "Әзірге пікір алшақтығы тым үлкен болып тұр, ол келісімнің соңғы нұсқасын әзірлеуге мүмкіндік бермейді" деді. Аракчи уақытша келісімдердің мерзімі бітетін маусымның 20-сына дейін тараптар мәмілеге келер деген үмітін айтты.

АҚШ билігі келіссөздердің маусым айында жалғасатынын мәлімдеген. Бірақ оның нақты датасы айтылмады.

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерге «алтылық» елдері - АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия мен Иран өкілдері қатысып жатыр. Иран мұның алдында экономикалық санкциялардың жеңілдеуіне байланысты ядролық бағдарламасының кейбір бөліктерін тоқтата тұруға уақытша келіскен еді.

Батыс елдері Иран ядролық қару жасап жатыр деп күмәнданады. Тегеран оны теріске шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG