Accessibility links

АҚШ Қырым татарлары депортациясын еске алды


Қырым татарлары лидері Мұстафа Жемилев пен оны қарсы алуға келген қауым. Армянск, 3 мамыр 2014 жыл.

Қырым татарлары лидері Мұстафа Жемилев пен оны қарсы алуға келген қауым. Армянск, 3 мамыр 2014 жыл.

АҚШ мемлекеттік департаменті жұма күні Қырым татарлары депортациясына 70 жыл толуына орай мәлімдеме жасады. Онда 1944 жылы Қырымнан 230 мың татар ұлты өкілінің күшпен депортацияланғаны айтылған. Мемлекеттік департамент "бүгінгі күні бұл оқиға біздің санамызға ерекше әсер етеді" дейді.

Мемлекеттік департамент сөзінше, "Жер аудару шарасынан келген қайғыны айтып жеткізу мүмкін емес. Біреулер Орталық Азияға жіберілсе, енді біреулер Орал, Сібірге апарылған. Ол адамдар қуғын-сүргін, аштық пен түрлі сырқаттарды бастарынан кешірген". Жер аударылғандардың жартысына жуығы - негізінен әйелдер мен балалар 1944-1947 жылдар аралығында қаза тапқан. Мемлекеттік департамент "Қырым татарлары әлі күнге қуғын мен қысым көріп отыр" дейді.

Мәлімдемеде "Сол қуғын-сүргінді Қырым татарларының әлі ұмытпағаны, ал Ресейдің Қырымды жаулап, заңсыз қосып алуы ескі жараның аузын қайта ашқаны" жазылған.

Мемлекеттік департамент "Қырымдағы адам құқығын бұзу оқиғалары апта сайын көбейіп барады. Қырым татарлары мен басқа халықтардың өкілдерін қорқыту, ұрып-соғу, өлтіріп кету қалыпты жағдайға айналды. Жергілікті "авторитеттер" Қырым татарларынан мүліктері мен жерлерін өткізіп беруді талап етіп отыр. Қырым татарларына өз тілінде сөйлеуге рұқсат жоқ. Ал қауым басшысы Мұстафа Жемилевке Қырымға кіруге бес жылға тыйым салынды. Мыңдаған татарлар үйлерін тастап, бас сауғалап кетіп жатыр" дейді.

Мәлімдемеде "Біз 1944 жылғы қасіретті еске алып отырмыз. Қырым татарларына төнген қауіпке алаңдаймыз" деп жазылған.

АҚШ мәлімдемесін "Біз Украина егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдаймыз. Украина мен Қырымда адам құқықтары сақталғанын қалаймыз" деп аяқтаған.
XS
SM
MD
LG