Accessibility links

Ливия армиясы исламистермен қақтығысты


Ливияның үкімет солдаттары.
Ливияның үкімет солдаттары.
Елдің шығысында Ливия армиясы исламистермен қақтығысты. Атыстан кем дегенде 20 адам қаза тапты. Генерал Халиф Хафтар жетекшілік ететін, өзін өзі жариялаған Ливия Ұлттық армиясы Бенгази қаласына бекінген бірнеше исламист топтың базасын атқылаған.

Ливия билігі Хафтар жасақтары мен өздігінен құрылған қарулы топтарды жоюға тырысып келеді. Жақында билік Бенин қаласындағы әуежайды қала маңында ұрыс болғандықтан жауып тастады.

Кейінгі уақытта Ливияның шығысында үкімет әскерлері мен қарулы топтар арасында қақтығыстар, кісі өлімі мен жарылыстар жиіледі.
XS
SM
MD
LG