Accessibility links

Краматорскіде шайқас жүріп жатыр


Краматорск маңындағы тосқауыл бекетіндегі украиналық сарбаздар. 15 мамыр 2014 жыл.
Краматорск маңындағы тосқауыл бекетіндегі украиналық сарбаздар. 15 мамыр 2014 жыл.
Краматорск аэродромы маңында украиналық әскер мен қарулы топ арасында ұрыс жүріп жатыр. «Громадське» телеарнасы аэродромға жақын тұратын куәгерлерге сілтеме жасап, ауыр артиллерия гүрсілі естіліп жатқаны туралы хабарлады.

Украина қорғаныс министрлігіндегі дереккөздің хабарлауынша, қарулы экстремистер жаңа тактика – алаңдату әдіс-айласын қолдануға көшкен. Украиналық әскерилер позициясын атқылау кезінде олар орналасқан аумаққа 40 шақты адамнан тұратын топ енуге әрекет жасаған. Бірақ украиналық әскерилер олардың бетін қайтарған. Сонымен бірге бірнеше күн бойы аэродромды атқылаған гранатометті украиналық әскерилер жойғаны хабарланды.

Бұған дейін сенбі күні әскери киімдегі қарулы белгісіз біреулер Краматорскідегі «Донбасстрансгаз» газ құбыры магистралі желілік-өнеркәсіп басқармасының әкімшілік ғимаратын басып алған еді. «Укртрансгаз» компаниясы баспасөз қызметі басқарма территориясына заңсыз кірген 50-ге жуық адамның келіссөздер өткізуден және ол жерден өз еріктерімен кетуден бас тартқанын мәлімдеді. Бұл басқарма аймақта орналасқан мемлекеттік маңызы бар ірі өнеркәсіп нысандарына табиғи газ жеткізуді қамтамасыз етумен айналысатыны айтылады.
XS
SM
MD
LG