Accessibility links

Парижде «Боко Хараммен» күрес жайы талқыланды


Франция президенті Франсуа Олланд.

Франция президенті Франсуа Олланд.

Франция президенті Франсуа Олланд Нигерияда 200-ден аса оқушы қызды ұрлап кеткен «Боко Харам» радикалдық исламшылар тобы Африканың батысында басты қауіпке айналып отыр деп мәлімдеді. Сенбі күні Парижде Африканың батысындағы мемлекеттер жетекшілерімен кездесуде Олланд «Боко Харам» тобының «Әл-Каидамен» байланыс орнатқаны туралы айтты.

Кездесуде соңғы уақытта белсенділігі артқан «Боко Харам» тобына қарсы халықаралық күрес шараларын нығайту талқыланған. Олланд мұндай шаралар ретінде барлау мәліметтерімен алмасу, шекараны күзету және төтенше жағдай туындаған кезде кезек күттірмейтін іс-әрекеттер атқару қажетттігін атаған.

Парижде өткен саммит жұмысына Нигерия президенті Гудлак Джонатан мен Бенин, Камерун, Нигер және Чад жетекшілері, сонымен бірге АҚШ, Ұлыбритания және Еуропа Одағы өкілдері қатысқан.

Сәуірдің ортасында «Боко Харам» исламшылар тобының қарулы жасағы Нигерияның солтүстігіндегі Борно штатындағы білім беру мекемесінен 276 оқушы қызды ұрлап әкеткен еді. Кейін олардың 53-і исламшылар тұтқынынан қашып шыққан.
XS
SM
MD
LG