Accessibility links

Сирия әскери әуе күштерінің қолбасшысы қаза тапты


Сирия үкімет күштерімен соғысып жатқан көтерілісшілер. Дамаск, Сирия, 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Сирия үкімет күштерімен соғысып жатқан көтерілісшілер. Дамаск, Сирия, 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Сириядан жеткен кейбір ақпараттарға қарағанда, Дамаскінің шығыс жағында болған ұрыста Сирия әскери әуе күштерінің бас қолбасшысы, генерал Хусейн Исхак қаза тапқан.

Көтерілісшілердің Ислам майданы ұйымының мәлімдеуінше, Хусейн Исхак көтерілісшілердің 17 мамыр күні Мелих қаласының маңындағы әскери базаға жасаған шабуылында алған жарақатынан көз жұмған.

Associated Press агенттігі Сирия үкіметіндегі дереккөзіне сілтеме жасап, генералдың қаза тапқаны туралы ақпараттың расталғанын хабарлады.

Лондонда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights Watch ұйымы да қолбасшының қаза тапқанын растады.

Құқық қорғаушылардың дерегінше, Исхак "Әл-Қаида" тобымен байланысы бар "Нусра майданы" жауынгерлерінің шабуылы кезінде қаза тапқан.

Мелих қаласы Дамаскіден халықаралық әуежайға баратын жолға жақын орналасқан.
XS
SM
MD
LG