Accessibility links

Донецкідегі бүлікшілер парламент сайлауын өткізбек


Өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасындағы" бүлікшілер жетекшісі Денис Пушлин.

Өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасындағы" бүлікшілер жетекшісі Денис Пушлин.

Өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасындағы" бүлікшілер жетекшісі Денис Пушлин аймақта 14 қыркүйек күні "парламент сайлауы" өтетінін мәлімдеді.

18 мамыр күні Донецк қаласындағы Ленин алаңында жиналған мыңға тарта адамның алдында сөйлеген Пушлин "сайлауға әрқайсыларыңыз қатысасыздар" деді.

11 мамыр күні Донецк мен Луганск облыстарында ресейшіл сепаратистер аймақ мәртебесін анықтау туралы "референдум" өткізген. Белсенділер оның қорытындысында сайлаушылардың көпшілігі аймақтың "өзін-өзі басқаруын жақтап" дауыс берді деп мәлімдеген.

Донецк облысына қарайтын Славянск қаласының маңында украин әскерилері мен ресейшіл қарулы топтар арасында ұрыс жүріп жатыр. Ресейшіл сепаратистерге сілтеме жасаған ресейлік ақпарат құралдары ұрыста бірнеше адамның қаза тапқанын хабарлады.

Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков қақтығыстарда бір "террористің" қаза тапқанын айтады.
XS
SM
MD
LG