Accessibility links

Колумбияда өрттен 32 бала қаза болды


Өртенген автобус. Колумбия, 19 мамыр 2014 жыл.

Өртенген автобус. Колумбия, 19 мамыр 2014 жыл.

Колумбияның солтүстігінде автобуста болған өрттен кемінде 32 бала қаза тапқан.

Төтенше оқиға 18 мамыр күні Магдален департаментінің Фундасьон қаласында болған. Автобус балаларды діни рәсімнен соң үйлеріне алып бара жатқанда өртенген. Төтенше жағдайлар қызметкеріне сілтеме жасаған Reuters агенттігі өрттің шығуына жүргізушінің бұзылып қалған автобус қозғалтқышына жанармайды тіке құйып от алдырмақ болған әрекеті себеп болған деген болжам барын айтады.

Қаза тапқандардың денелері қатты күйіп кеткен. Арасында автобус жүргізушісі бар 18 адам құтқарылып, зардап шеккендері ауруханаға жеткізілген.

Төтенше оқиға болған жерге ел президенті Хуан Мануэль барды.
XS
SM
MD
LG