Accessibility links

Қытай Вьетнамнан азаматтарын эвакуациялап жатыр


Вьетнамдағы Қытайға қарсы шерулер. Хошимин, 11 мамыр 2014 жыл.
Вьетнамдағы Қытайға қарсы шерулер. Хошимин, 11 мамыр 2014 жыл.
Қытай Вьетнамдағы жергілікті халық пен қытай жұмысшыларының қақтығысы тоқтамаған соң өз азаматтарын шығарып әкету үшін осы елдің Вунг Анг портына дың екі жолаушылар кемесін жіберді.

Кемелердің әрқайсысына мың адамға дейін сияды. Қытай Вьетнамнан төрт мыңға жуық азаматын эвакуациялауды жоспарлап отыр. Бұған дейін үш мыңға тарта адам Қытайға оралған.

Таяуда Вьетнамның бірнеше өнеркәсіптік аймағында қытайларға қарсы шерулер басталған еді. Толқуға Пекиннің Вьетнаммен арадағы даулы аймақ - Оңтүстік Қытай теңізі акваториясына мұнай платформаларын орнату туралы шешімі себеп болған.

Вьетнам мен Қытай жұмысшылары арасында болған қақтығыстар кезінде Қытайдың екі азаматы қаза тауып, 140-қа тарта адам жараланған.
XS
SM
MD
LG