Accessibility links

АҚШ: Қытай шенеуніктері кибер тыңшылық жасады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

АҚШ қытайлық бес әскериді америкалық компанияларға қарсы кибер тыңшылық жасады деп айыптады.

Америкалық Washington Post басылымы мен басқа да ақпарат құралдары "айып тағылған бес шенеунік қытай Халықтық азат ету армиясының мүшелері" деп хабарлады.

АҚШ бас прокуроры Эрик Холдердің айтуынша, Қытай билігі өкілдеріне қарсы мұндай айып бірінші рет тағылып отыр. Ал Қытайдың сыртқы істер министрлігі айыптауларды "ойдан шығарылған, абсурдты және "негізсіз" деп атады.

2013 жылдың ақпанында қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын АҚШ-тың Mandiant компаниясы өз есебінде Қытайда шетелдердің мемлекеттік құпиясы мен интеллектуалдық меншігін ұрлаумен айналысатын әскери бөлім құрылғанын хабарлаған.

Ақ үй ресми мәлімдемесінде АҚШ Пекинмен бұрынғыдай тиімді қарым-қатынас ұстауға ынталы екенін және киберқауіпсіздікті бұзудың алдын-алу жұмыстарын бірлесе жүргізуге ұмтылатынын айтады.
XS
SM
MD
LG