Accessibility links

Луганскіден африкалық студенттер шығарылды


Луганск қаласы маңындағы өткізу бекетінде тұрған ресейшіл сепаратист. 14 мамыр 2014 жыл.

Луганск қаласы маңындағы өткізу бекетінде тұрған ресейшіл сепаратист. 14 мамыр 2014 жыл.

Луганскіде өзін-өзі жариялаған жергілікті биліктің "Оңтүстік-шығыс біріккен армиясының" түнгі қарауылы Луганск университетінде оқитын шетелдік бірнеше студентті ұстады.

Өзін-өзі жариялаған "Луганск халық республикасы" баспасөз қызметінің хабарлауынша, Луганск университетінде оқитын Африка елдерінің 20-ға тарта азаматы 19 мамыр күні түнде коменданттық сағат кезінде қалалық саябақта ұсталған. Жергілікті билік олардың "спирттік ішімдіктер ішкенін", кейбірінен "есірткісі бар заттар" табылғанын, ұсталғандардың барлығы милиция бөлімшесіне жеткізілгенін айтады.

"Луганск халық республикасы" билігі "профилактикалық жұмыстардан" соң студенттер Луганскіні қорғау үшін жергілікті көтерілісшілер қатарына "кіргілері келетінін" білдіргені туралы хабарлады.

Бірақ коменданттық сағат тәртібін бұзғаны үшін африкалық студенттер елдеріне жөнелтілген.

19 мамыр күні Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков Донецк мен Луганск облыстарында жүрген барлық шетелдіктерге аймақ территориясынан шығып кетулерін сұрап үндеу жасаған еді.
XS
SM
MD
LG