Accessibility links

Ресейде пойыз апатынан 5 адам мерт болды


Бекасово темір жол станциясындағы пойыз апаты. Ресей, 20 мамыр 2014 жыл.
Бекасово темір жол станциясындағы пойыз апаты. Ресей, 20 мамыр 2014 жыл.
Бүгін, 20 мамыр күні Ресей астанасынан 80 километр қашықтықтағы Бекасово-Нарофоминск теміржол өткелінде жолаушы және жүк пойыздары соқтығысып, бес адам қаза тапты деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

"Интерфакс" агенттігінің Ресей теміржол қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, контейнерлер тиеп келе жатқан жүк пойызының 16 вагоны рельстен шығып кетіп, "Мәскеу-Кишинев" бағытындағы жолаушылар пойызының екі вагоны зақымданған. Апат салдарынан 15 адам жараланған.

Алдын-ала болжамдарға қарағанда, жүк пойызы вагондарының бірінен ақау шығып, жанынан өтіп бара жатқан жолаушылар пойызы вагонымен соқтығысып қалған.
XS
SM
MD
LG