Accessibility links

Ресей думасы қос азаматтық жайлы заң жобасын қолдады


Бұрынғы КГБ қызметкері, мемлекеттік дума депутаты Андрей Луговой.

Бұрынғы КГБ қызметкері, мемлекеттік дума депутаты Андрей Луговой.

Ресей мемлекеттік думасы 20 мамыр күні ресейліктерді қос азаматтығы бары туралы хабарлауға міндеттейтін заң жобасын алдын-ала мақұлдады. Заң бойынша, қос азаматтығы барын жасырғандар жауапқа тартылмақ.

Жоба қабылданса, тағы бір елдің азаматтығын алып, бірақ оны жасырып жүрген ресейліктер 20 мың рубльге дейін айыппұл төлейді және 400 сағат түзету жұмыстарын атқарады.

Заң жобасын бұрын КГБ қызметкері болған депутат Андрей Луговой ұсынған. Ол "қос азаматтық Ресей азаматтығының мәнін кетіріп, өз отанына деген қарым-қатынасын суытып жібереді" дейді. Депутаттың сөзінше, қос азаматтық мәселесі "Батыс елдері Ресейге агрессиялық қысым жасап жатқан кезде өте маңызды".

Құқық қорғаушы Светлана Ганушкина заң жобасы қос азаматтық алғандардың "күдікке ілініп", билік тарапынан қысымға ұшырауына соқтыруы мүмкін деп ескертеді.
XS
SM
MD
LG