Accessibility links

БҰҰ: Мәжбүрлі еңбек табысы – 150 миллиард доллар


Өзбекстанда мақта алқабында жұмыс істеп жүрген балалар. (Көрнекі сурет)
Өзбекстанда мақта алқабында жұмыс істеп жүрген балалар. (Көрнекі сурет)
БҰҰ Халықаралық еңбек ұйымының 20 мамыр күні жариялаған есебіне сәйкес, әлемде мәжбүрлі еңбектен жылына 150 миллиард АҚШ доллары көлемінде заңсыз пайда түседі. Ұйым бұл сома әуелгі есептен үш есе асып кеткен дейді.

Халықаралық еңбек ұйымының сарапшылары кірістің үштен екісі әйелдер мен қыздарды жыныстық қанаудан түсетінін және ол жылына шамамен 99 милилард АҚШ долларын құрайтынын айтады. Кірістің үштен бірі құрылыс және кен өндіру сияқты салалардағы мәжбүрлі еңбектен түседі.

Молдовада еліне оралған мигранттар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі шетелде жұмыс істегендердің 45 пайызы тегін немесе болымсыз ақшаға жұмыс істеуге мәжбүр болғанын айтқан. Ал әрбір төртінші адам еңбекақысын кешіктіріп алған.

Армения мен Грузияда да елге қайтқан мигранттардың 20 пайызы ақысыз немесе аз ғана еңбекақыға жұмыс істеген айтқан.

БҰҰ дерегі бойынша, мәжбүрлі еңбек әлемде есірткі саудасы мен қару-жарақ саудасынан кейінгі үшінші орындағы қылмыстық бизнес саналады.
XS
SM
MD
LG