Accessibility links

АҚШ "Магнитский актісі" бойынша тағы 12 кісіге санкция салды


Ресейлік заңгер Сергей Магнитский.

Ресейлік заңгер Сергей Магнитский.

АҚШ қаржы министрлігі адам құқықтарының бұзылуына қатысы бар делінген ресейлік тағы 12 адамға, оның ішінде Ресейдегі коррупциялық қылмыстарды әшкерелеген заңгер Сергей Магнитскийді медициналық көмектен айырған түрме қызметкерлеріне қарсы санкция салды.

"Магнитский актісі" бойынша, заңгер өліміне қатысы бар деп айыпталғандарға АҚШ-қа келуге виза берілмейді, АҚШ-тағы барлық активтері бұғауланады.

Тізімге Сергей Магнитский отырған түрменің төрт қызметкері, оның ісін жүргізген судья, сот қызметкері, тергеуші мен Магнитский әшкерелеген алаяқтық әрекетке қатысы барлар енгізілген. Бұған қоса Магнитскийдің өліміне қатысты "қызметіне немқұрайды қарады" деп айыпталып, кейін ақталып шыққан дәрігер Дмитрий Кратов та санкция тізіміне енгізілген.

"Магнитский актісін" жақтаушылар Ресей тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкинге де қарсы санкциялар салуға шақырған. Бірақ оның аты-жөні тізімде жоқ.
XS
SM
MD
LG