Accessibility links

Астанада жер дауына қатысты митинг өтті


Астанадағы митинг
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:00:56 0:00
Жүктеп алу

Тұрғындар үйлерін "мемлекет қажетіне керек" деген себеппен сүріп, жерлерін алғанға қарсы рұқсат етілген митинг өткізді. Астана, 21 мамыр 2014 жыл. (Видеоны түсірген - Светлана Глушкова).

Астанада жиырмадан аса адам үйлерін сүріп алып тастауға, жер телімдерін "мемлекет мұқтаждығы" үшін алуға қарсылық білдіріп митинг өткізді. Ұйымдастырушылар жиын өткізуге жергілікті биліктен рұқсат алған.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, наразылық танытушылар биліктен Қазақстан конституциясында көрсетілген азаматтардың тұрғын үйге деген құқығы бұзылмауын, өздерін жалғыз баспаналарынан айырмауды талап етіп, халықты жерлері үшін күресуге және бірігуге шақырған.

"Жер телімдері шын мәнінде мемлекет қажетіне алынып жатқан жоқ, тек үшінші жаққа сатылып жатыр" дейді жиынға қатысушылардың бірі Әбдірақым Бейсен.

Бұған дәлел ретінде ол сүрілген саяжай үйлерінің орнына салынған "Депутаттар қалашығын" мысалға келтірді.

Мамыр айында азаматтық белсенділер биліктен азаматтардан жылжымайтын мүліктерін алу тетіктерін заңда егжей-тегжейлі жазуды, тұрғындарды үйлерінен мәжбүрлеп шығарып баспанасыз қалдыруды тоқтатуды ұсынған еді.
XS
SM
MD
LG