Accessibility links

Назарбаев: АӨСШК ЕҚЫҰ-ға бәсеке бола алады


Азиядағы сенім шаралары және өзара ықпалдастық кеңесі (АСӨШК) жиынына қатысушы мемлекет басшылары және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (төменгі қатарда оң жақтан үшінші). Шанхай, 20 мамыр 2014 жыл.

Азиядағы сенім шаралары және өзара ықпалдастық кеңесі (АСӨШК) жиынына қатысушы мемлекет басшылары және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (төменгі қатарда оң жақтан үшінші). Шанхай, 20 мамыр 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы сенім шаралары және өзара ықпалдастық кеңесі (АӨСШК) ұйымын Азиядағы қауіпсіздік және даму ұйымы деп өзгертуді ұсынды.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Шанхайда өткен АӨСШК ұйымының бірінші пленарлық отырысында сөйлеген Назарбаев "АӨСШК негізінде тиімді қызмет ететін Азиядағы қауіпсіздік және даму ұйымын құру қажет. Ол Киевтегі төңкеріске тосқауыл бола алмай отырған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына бәсекелес ұйым болуы тиіс" деп мәлімдеген.

Назарбаевтың айтуынша, "Батыс Шығыстан бөлініп, өзара ынтымақтастық пен түсіністік орнатпастан, шығыс халықтарының дәстүрі мен құндылықтарын ескермей орнықты түрде дами алмайды".

"Алты жыл бұрын әлемді шарпыған дағдарыс ешқайда кеткен жоқ. Дағдарыс қаржы, экономикалық, әлеуметтік-саяси, тіпті мәдени-рухани салаларға дейін бірінен соң біріне еніп, күшейіп келеді. Бұл жалпы өркениеттік және жүйелі дағдарыс. Сондықтан біз, Азия елдері құрлықты бейбіт жолмен дамыту мәселесімен өзіміз айналысуымыз керек. Бұл процесте Азиядағы қауіпсіздік және даму ұйымы маңызды құрал бола алады" деген Назарбаев.
XS
SM
MD
LG