Accessibility links

Байден: Ресей Украина сайлауына кедергі жасамасын


АҚШ вице-президенті Джо Байден (сол жақта) мен Румыния президенті Траян Басеску. Бухарест, 21 мамыр 2014 жыл.
АҚШ вице-президенті Джо Байден (сол жақта) мен Румыния президенті Траян Басеску. Бухарест, 21 мамыр 2014 жыл.
АҚШ вице-президенті Джо Байден Ресейді Украинада 25 мамырда өтетін президент сайлауына кедергі жасамауды ескертті.

Бухаресте Румыния президенті Траян Басескумен кездескен Джо Байден Мәскеуге қарсы санкциялар саларда "табанды болуымыз керек" деп, президент сайлауына қандай да бір тосқауыл қойылса қатаң шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Байден бұған қоса "Ресейдің НАТО-ға мүше Румыния шекарасынан 200 километр жердегі Қырымға агрессиясы НАТО жарғысының 5-бабы не үшін әлі күнге қажет екенін көрсетеді" деді. НАТО жарғысының 5-бабында альянсқа мүше мемлекетке жасалған кез-келген сыртқы шабуылға тойтарыс берілетіні айтылған.

АҚШ вице-президенті Румынияны қорғаныс саласына бөлінетін қаржыны жалпы ішкі өнімінің 2 пайызына дейін көбейткеніне алғыс білдірді. Ол бұған қоса Румынияның Девеселу әскери әуе базасында келесі жылы АҚШ-тың зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін орнату жұмыстары жүріп жатқанын да айтты.

Траян Басеску "АҚШ-тың Украина дағдарысына тұсында дер кезінде үн қатып, аймаққа әскери әуе күштерін орналастырғанына" ризалық білдірді.
XS
SM
MD
LG