Accessibility links

Тәжікстанда шетелде соғысқандар жазаланбақ


Тәжікстан әділет министрінің орынбасары Абдуманон Холиков.

Тәжікстан әділет министрінің орынбасары Абдуманон Холиков.

Тәжікстан парламенті елдің қылмыстық кодексіне азаматтарды шетелдердегі әскери қақтығыстарға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартатын жаңа бап енгізді.

Енгізілген өзгерістер бойынша, шетелдегі соғысқа қатысқаны үшін тағайындалатын жаза елдің заңдары бойынша әскери қылмыс жасағаны үшін кесілетін жаза мөлшерінен асып кетпеуі тиіс.

Тәжікстан әділет министрінің орынбасары Абдуманон Холиковтың Азаттыққа айтуынша, қылмыстық кодекске түзетулер тәжік азаматтарының Сирияға кетіп, исламшыл топтар қатарында соғысуын тоқтату мақсатында енгізілген.

Сириядағы қақтығыстарда президент Башар Асад үкіметінің әскеріне қарсы көтерілісшілер жағында Орталық Азия елдерінен шыққан жүздеген адам, оның ішінде Тәжікстанның 190-ға жуық азаматы соғысып жүр делінеді.

Кейбір деректер бойынша, Сириядағы соғыста Тәжікстанның кемінде төрт азаматы қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG