Accessibility links

Ресей: Шекарадағы әскерді әкетіп жатырмыз


Ресей президенті Владимир Путин. Шанхай, 20 мамыр 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин. Шанхай, 20 мамыр 2014 жыл.

Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Украинамен шекара түбіне шоғырланған Ресей әскері тұрғылықты жеріне қайту үшін теміржол вокзалдары мен аэродромдарға қарай қозғалған. Ресей президенті Владимир Путин Украинада 25 мамыр күні өтетін президент сайлауы қарсаңында "жаймашуақ жағдай" тудыру үшін әскерді қайтаруға бұйрық бергенін айтады.

Украина билігі өкілдерінің мәлімдеуіне қарағанда, ресейлік әскери бөлімдер шекарадан кемінде 10 километр ғана кері жылжыған.

НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Сараевоға сапарында Ресей әскерінің шекарадан түгел қайтқанына "толық дәлел жоғын" айтып, Путиннің әскерді шекаралық аймақтардан әкету туралы осымен үшінші рет мәлімдеме жасап отырғанын меңзеді.

АҚШ армиясы министрі Джон Макхьюдің айтуынша, Вашингтон Ресей әскерлерінің шекаралық аймақтардан толықтай кеткенін емес, тек белгілі бір қашықтыққа ғана кері шегінгенін байқаған.
XS
SM
MD
LG