Accessibility links

Ауғанстанда шабуылдан ондаған полицей қаза тапты


Ауған полициясы шабуыл орнын тексеріп жүр. (Көрнекі сурет)

Ауған полициясы шабуыл орнын тексеріп жүр. (Көрнекі сурет)

Ауғанстанның шығысы мен солтүстік-шығысында полиция бекіністеріне Талибан жасақтары жасаған шабуылдан кемінде он шақты әскери қаза тапқан.

Бадахшан уәлаятының полиция өкілі Абдул Қадыр Саядтың айтуынша, 21 мамыр күні Талибан сарбаздары Йомган ауданындағы полиция базасына шабуыл жасаған. Содырлар бұған қоса уәлаят орталығы мен аудан арасындағы байланысты үзу үшін ұялы байланыс қызметін тарататын мұнараны да қиратқан.

Бадахшан губернаторының баспасөз қызметкері Навид Ферутан бұл жолғы шабуылдың бұған дейін жасалған өзге қастандықтардан "ауыр болғанын", аудан орталығы ұрыс алаңына айналғанын айтады. Шабуылдан алты полицей мен бес содыр қаза тапқан.

21 мамыр күні Лағман уәлаятында да бетперде киіп алған бүлікшілер аудандық полиция базасына шабуылдап, төрт полиция офицерін өлтірген.

Ал Забул уәлаятында тұрғындар екі апта бұрын ұрланған жергілікті сегіз полицейдің өлі денелерін тауып алған.
XS
SM
MD
LG