Accessibility links

Батыс компаниялары Ресейдегі форумға қатыспады


Ресей президенті Владимир Путин халықаралық бизнес форумда сөйлеп тұр. Санкт-Петербург, 21 маусым 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресей президенті Владимир Путин халықаралық бизнес форумда сөйлеп тұр. Санкт-Петербург, 21 маусым 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресейдің Қырымды аннексиялап алуына және Украина дағдарысындағы әрекетіне наразылық ретінде халықаралық ондаған ірі компаниялардың жетекшілері бүгін, 22 мамыр күні Санкт-Петербургте басталатын үш күндік халықаралық бизнес форумға қатысудан бас тартты.

Германияның Deutsche Bank банкі, Siemens инженерлік компаниясы мен E.ON энергетикалық компаниясы басшылары Ресейде өтетін биылғы форумға қатыспайтындарын мәлімдеді.

Бұған дейін бұл үш компаниядан өзге отызға тарта халықаралық компания жетекшілері Ресей президенті Владимир Путин баяндама жасайтын форумға қатысудан бас тартқан.

АҚШ үкіметі бұдан бұрын америкалық компанияларды Ресейдегі экономикалық форумға қатыспауға шақырған еді.

Германия канцлері Ангела Меркельдің кеңсесі үкімет герман бизнес өкілдеріне форумға қатысу, я қатыспау туралы ешқандай кеңес бермегенін айтады.

АҚШ пен батыс елдері Қырымды аннексиялап алуы мен Мәскеудің Украинадағы дағдарысқа қатысты ұстанған саясатына байланысты Ресейге қарсы бірнеше санкциялар салған.
XS
SM
MD
LG