Accessibility links

Астана әкіміне жолақыға қатысты хат тапсырды


Жолақыны қымбаттатуға қарсы хат
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:28 0:00
Жүктеп алу

ВИДЕО: Астана әкіміне қалада жолақы бағасын қымбаттатуға қарсылық хатын тапсыру. 22 мамыр 2014 жыл.

Бүгін Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының екі белсендісі қала әкімдігіне жолақы бағасын қымбаттатуға наразылық хатын тапсырды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, әкімге хат жазғандар маусымның 1-інен бастап Астанада қала ішіндегі қоғамдық көлікте жолақыны 60 теңгеден 100 теңгеге дейін қымбаттатуға қарсылықтарын білдірген. Хатты әкімдік кеңсесіне тапсырған белсенділер заңға сәйкес он күн ішінде оған ресми жауап күтпек.

"Жол ақысын қымбаттатудың астарында жемқорлық жатуы мүмкін" екенін айтқан белсенділер бұл туралы прокуратура, қаржы полициясын және тағы басқа мекемелерді құлағдар ететінін де ескертті.

Астанадағы жолаушы тасымалдаушы компаниялар мен әкімдік биыл жазда қоғамдық көлікте жолаушы тасымалдау құнын қымбаттатуды жоспарлаған. Жаңа тарифті Астана әкімдігі жанынан құрылып, көбінесе қала шенеуніктері мен «Ілтипат» ұйымы белсенділерінен тұратын жұмыс тобы есептеп шығарған.

Олар ересектердің билетін 100 теңге, ал балалар билетін 40 теңге деп белгілеуді, ал жеңілдікпен жүретін азаматтар үшін жолақыны бұрынғы мөлшерде қалдыруды ұсынған.
XS
SM
MD
LG