Accessibility links

KADEX-2014 қару-жарақ көрмесі ашылды


Отан қорғаушылар күні өткен парадтағы әскери ұшақтар. Астана, 7 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Отан қорғаушылар күні өткен парадтағы әскери ұшақтар. Астана, 7 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Астанада халықаралық қару-жарақ және әскери техникаларға арналған KADEX-2014 көрмесі ашылды. Көрме Қазақстан әскери-әуе күштерінің авиациялық базасының аумағындағы ашық алаңда өтіп жатыр.

Көрмеге 27 мемлекеттен 300-ден астам компания мен кәсіпорын қатысып жатыр. Көрмеде компаниялар өздерінің қару-жарақ пен әскери техника, жоғары технология және байланыс, құрылыс және инфрақұрылымдағы табыстарын, тылда және әскери медицина саласында қолданылатын құралдарын көрсетеді.

Қару-жарақ көрмесі мамырдың 25-сіне дейін жалғасады. Оны Қазақстан қорғаныс министрлігі, "Қазспецэкспорт" мемлекеттік кәсіпорны мен "Қазақстан инжиниринг" компаниясы ұйымдастырған. Көрме 2010 жылдан бері әр екі жыл сайын өткізіліп келеді.
XS
SM
MD
LG