Accessibility links

Алматыда антиеуразиялық жиын өтті


Антиеуразиялық форумға қатысушылар. Алматы, 22 мамыр 2014 жыл.

Антиеуразиялық форумға қатысушылар. Алматы, 22 мамыр 2014 жыл.

22 мамырда Алматы қаласындағы қонақүйлердің бірінің конференц-залында Еуразия Одағына қарсы қоғамдық тыңдау өтті. Форумға оппозициялық саясаткерлер мен қоғамдық белсенділер қатысты.

Жиынды жүргізген саясаткер Төлеген Жүкеевтің айтуынша, «автократиялық режимдердің одағына қарсы» бұл форум – биыл сәуірде өткен антиеуразиялық форумның жалғасы.

Форумға қатысушылар 29 мамырда Еуразия экономикалық одағы туралы келісімге қол қойғалы отырған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың бір бөлігінің наразылығы мен қарсылығына қарамағанын айтады. Жиынға қатысқан сарапшылар «Қазақстан Кеден Одағына мүшеліктен де зиян шегіп отыр» деп санайды. Ал Астана Қазақстан үшін мұндай аймақтық интеграцияның пайдасы басым деп мәлімдеп келеді.

Форумда «Антиимпериялық қозғалыс» құру жөнінде бастама көтерілді. Жиын соңында «Қазақстан халқына үндеу» жобасы оқылды.

Еуразия экономикалық одағы - Ресей, Қазақстан және Беларусь елдерін біртұтас экономикалық аймаққа айналдыруды мақсат тұтатын құрылым. Келесі апта келісім-шарт бекітілсе, одақ 2015 жылғы 1 қаңтардан жұмыс істей бастайды.
XS
SM
MD
LG