Accessibility links

Таиланд армиясы мемлекеттік төңкеріс жасады


Бангкок орталығында жүрген солдат. Таиланд, 20 мамыр 2014 жыл.

Бангкок орталығында жүрген солдат. Таиланд, 20 мамыр 2014 жыл.

Таиланд армиясының құрлықтағы әскерінің қолбасшысы генерал Прают Чан-Оча биліктің әскерилер қолына өткенін жариялады. 22 мамыр күні Таиланд мемлекеттік телеарнасынан сөйлеген қолбасшы "армия елде тәртіп орнатып, реформалар жүргізетінін" мәлімдеді.

20 мамыр күні Таиланд армиясының басшылығы елде "заң үстемдігі мен тәртіп орнату мақсатында әскери жағдай жарияланғанын" мәлімдеген еді. Прают Чан-Оча "биліктің әскерилерге өтуі Бангкоктің өзге елдермен қарым-қатынасына әсер етпейтінін" айтты.

Соңғы бірнеше күнде әскерилер Таиландтың түрлі билікшіл және оппозициялық топтарымен кездесулер өткізген. Бірақ тараптар елде соңғы айларда үкіметке қарсы наразылықтардан туындаған саяси дағдарысты шешу жолдарын таба алмаған.

7 мамыр күні Таиландтың конституциялық соты премьер-министр Йинглак Чинаватты "билікті теріс мақсатта пайдаланды" деп айыптап, "отставкаға кетуі тиіс" деген шешім шығарған.
XS
SM
MD
LG