Accessibility links

Украинаның шығысында 14 сарбаз мерт болды


Донецк облысының Волноваха селосында жүрген украин әскерилері. 22 мамыр 2014 жыл.

Донецк облысының Волноваха селосында жүрген украин әскерилері. 22 мамыр 2014 жыл.

Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчиновтың мәлімдеуінше, Донецк облысында сепаратистер жасаған түнгі шабуылдан Украина армиясының 13 сарбазы қаза тапты. Мұның алдында қорғаныс министрлігі Луганск облысындағы шабуылда украин сарбазының қаза тапқанын хабарлаған еді.

Украина әскері елдің шығысында ресейшіл сепаратистерге қарсы операциялар бастаған алты аптадан бері мұндай ірі шығынға ұшырамаған.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк Ресейді "25 мамыр күні өтетін президент сайлауы қарсаңында жағдайды ушықтырып отыр" деп айыптап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін Украина дағдарысы бойынша төтенше жиын өткізуге шақырған.

22 мамыр күні НАТО бас хатшысы генерал Андерс фог Расмуссен "Ресей Украинамен шекарадағы әскерін кері қайтаруға дайындалып жатуы мүмкін" деп мәлімдеген еді.

Украинада 25 мамыр күні президент сайлауы өтеді.
XS
SM
MD
LG