Accessibility links

Тәжікстанда қақтығыстардан соң наразылық танытты


Хоруг қаласында болған наразылық акциясы. Таулы Бадахшан облысы, Тәжікстан, 22 мамыр 2014 жыл.
Хоруг қаласында болған наразылық акциясы. Таулы Бадахшан облысы, Тәжікстан, 22 мамыр 2014 жыл.
Тәжікстанның Таулы Бадахшан облысында 22 мамыр күні жүздеген адам наразылық акциясына шықты. Бұл акцияға облыс орталығы Хоруг қаласында 21 мамыр күнгі соңы кісі өлімімен аяқталған қақтығыс себеп болған.

Акцияға қатысушылар облыс басшысын, милиция бөлімі қызметкерлері мен прокурорды "тұрғындарды қорқыту үшін тәртіпсіздіктерге айдап салды" деп айыптап, олардың отставкаға кетуін талап етті. Наразы тұрғындар бұған қоса 21 мамыр күні болған қақтығысты азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен тексеруді сұрады.

Биліктің дерегі бойынша, 21 мамыр күні қауіпсіздік қызметкерлерінің "қылмыскерлерге" жасаған шабуылы мен арнайы қызмет өкілдерінің жергілікті тұрғындармен қақтығысынан үш адам қаза тауып, жеті адам жараланған. Қаза тапқандардың біреуі, жараланғандардың үшеуі - милиционерлер.

Хоругқа демонстранттармен келіссөз жүргізу үшін ішкі істер министрі Рамазон Рахим мен президенттің ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі Шерәлі Хайруллоев барды.
XS
SM
MD
LG