Accessibility links

Ауғанстанда Үндістан консулдығына шабуыл жасалды


Үндістан консулдығына шабуыл жасалған кезде қарулы адамдармен атысқан ауған арнайы жасағы жауынгерлері. Герат, 23 мамыр 2014 жыл.

Үндістан консулдығына шабуыл жасалған кезде қарулы адамдармен атысқан ауған арнайы жасағы жауынгерлері. Герат, 23 мамыр 2014 жыл.

Ауғанстан полициясы 23 мамыр күні таңертең елдің батысындағы Герат уәлаятында қарулы үш адамның Үндістан консулдығын пулемет және реактивті гранатометпен атқылағанын хабарлады.

Полицияның дерегі бойынша, қауіпсіздік жасақтары шабуыл басталған кезде қарулы үш адамның екеуін атып өлтірген. Бұл оқиғадан консулдық қызметкерлері зардап шекпеген. Шабуылды әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Үндістан - Ауғанстандағы Талибан билігінің құлауына көмектескен және бұл елге аймақтағы ең көп мөлшерде гуманитарлық және өзге де көмек беруші мемлекет. Дели Ауғанстанға гуманитарлық көмек пен елді қалпына келтіруге, жол және электр станцияларын салуға 2 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы бөлген.

Үндістанның Ауғанстанның төрт қаласы - Герат, Мазар-и-Шариф, Қандағар және Жалалабадта консулдықтары бар.

Пәкістан "Үндістан консулдықтары мен инфрақұрылымдық жобаларын өзінің тыңшылық әрекетін жасыру үшін пайдаланады" деп санайды.
XS
SM
MD
LG