Accessibility links

Рудныйда жоғалған 7 жасар қыздың мәйіті табылды


Рудныйда жоғалған 7 жастағы қыз Виктория Ганя. Сурет Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің ресми сайтынан алынды.

Рудныйда жоғалған 7 жастағы қыз Виктория Ганя. Сурет Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің ресми сайтынан алынды.

23 мамыр күні Қостанай облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі "Рудный қаласында сәуір айының аяғында жоғалып кеткен жеті жастағы қыз Виктория Ганяның денесі табылды" деп хабарлады.

Азаттыққа берген жауабында департаменттің баспасөз хатшысы Әділбек Нұрмахин "22 мамыр күні Рудный-Тобыл тас жолына жақын маңда баланың денесі табылып, Виктория Ганяның ата-анасы оның 24 сәуір күні жоғалған қыздары екенін танығанын" айтты.

Рудный қаласында тұратын Виктория Ганя сәуірдің соңында ұшты-күйлі жоғалып кеткен еді. Анасы Мария Остапенконың айтуынша, ол сәуірдің 24-і күні түстен кейін құрбыларымен бірге ойнап, көпір жаққа кеткен. Кейіннен құрбылары бөтен ер адам келіп, баланы «үлкен шаяндар көрсетемін» деп қызықтырып алып кеткенін Викторияның анасына айтқан. Бала үйден шыққан мезгілден үш сағат өткенде ғана полицияға хабар түсіп, іздеу басталған.

Әділбек Нұрмахиннің айтуынша, қазір Виктория Ганяның өліміне қатысты қылмыстық кодекстің 96-бабы - "кісі өлтіру" фактісі бойынша іс қозғалған. Қазір баланың өлімі неден болғанына сараптама жасау және күдіктіні анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
XS
SM
MD
LG