Accessibility links

Үрімжіде жарылысты бес адам жасағаны айтылды


Үрімжідегі жарылыс болған базар маңы. Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданы, Қытай, 22 мамыр 2014 жыл.

Үрімжідегі жарылыс болған базар маңы. Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданы, Қытай, 22 мамыр 2014 жыл.

Қытайлық ақпарат құралдары "22 мамырда Үрімжі қаласында базарда болған жарылысты бес жанкешті жасады" деп хабарлады.

Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімжі қаласында болған жарылыстан 31 адам қаза тауып, 94 адам жараланған еді. Белгісіз үш адам екі көлікті базар аумағына айдап кіріп, терезеден жарылғыш заттар лақтырып, сол маңда бірнеше жарылыс болған.

Қытай коммунистік партиясының ресми People's Daily басылымының хабарлауынша, билік оқиғаны тексеріп, жарылысқа басқа да адамдардың қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Соңғы үш аптада Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында осымен үшінші рет шабуыл жасалып отыр. Сәуірдің соңында Үрімжідегі теміржол вокзалында пышақпен қаруланған адамдардың шабуылы мен жарылыстан бір адам қаза тауып, 79 адам зардап шеккен.

Пекин негізінен этникалық мұсылман ұйғырлар тұратын бұл автономиялық аймақтағы зорлық-зомбылықтарға исламшылдар мен жергілікті сепаратистерді айыптайды.

Қытай билігін сынайтындар "тәртіпсіздіктер мен зорлық-зомбылыққа ұйғырлардың қудалануы мен аймақтың экономикалық дамуының төмендігі себеп" дейді.
XS
SM
MD
LG