Accessibility links

Астанадағы шерушінің бірі 10 күнге қамалды


Астана соты 23 мамыр күні президент резиденциясы алдында наразылық шарасын өткізген азаматтардың бірі Әбдірақым Бейсенді 10 тәулікке қамау
туралы үкім шығарды. Бейсен бұл жазасына қоса 37 мың теңге айыппұл да төлеуі керек. Оған "билік өкіліне бағынбады" және "рұқсат етілмеген митингіге қатысты" деген айыптар тағылған.

Наразылық шарасына қатысқаны үшін ұсталған өзге жеті адам босатылған, бірақ оларға қатысты сот 29 мамырда өтпек.

23 мамыр күні Астана қаласының 15 тұрғыны Ақорданың алдындағы алаңға барып, "мемлекет қажетіне" бола үйлерін бұзып, жерлерін алғанға наразылық білдірген еді.
XS
SM
MD
LG