Accessibility links

Рим папасы Франциск сенбі күні Иорданияға аттанады. Одан ары ол Таяу Шығыс елдерін үш күн бойы аралайды.

Ватикан өкілдерінің айтуынша, оның сапары Таяу Шығыста азайып бара жатқан христиан тұрғындарға медеу болады. Франциск бұл аймақтағы діндердің өкілдерін бейбітшілік пен татулыққа бірге ұмтылуға шақырмақ.

Таяу Шығыс елдерінде христиан дінін ұстанатын тұрғындар жылдан-жылға азайып келеді. Кейінгі жылдары болған араб елдеріндегі төңкерістер, Сириядағы азамат соғысы, радикалды ислам өкілдерінің шабуылдары бұл процесті жеделдетіп отыр.

Бұл - Рим папасы Францисктің аймаққа алғашқы сапары. Иордания королі Абдалламен кездесу мен Амман стадионында өтетін құлшылық рәсімінен кейін понтифик Иордан өзені жағасында Сирия және Ирак босқындарымен жолығады.
XS
SM
MD
LG