Accessibility links

Тәжікстанда атыстан бір адам қаза тапты


Хорог қаласы.
Хорог қаласы.
24 мамыр күні Тәжікстанның шығысындағы Таулы Бадахшан облысында наразы топ қауіпсіздік қызметінің ғимаратына шабуыл жасады. Қақтығыстан кем дегенде бір адам қаза тауып, екі адам жараланды.

Азаттықтың Тәжік қызметінің хабарлауынша, облыс орталығы Хорог қаласында бір топ адам ұлттық қауіпсіздік қызметінің ғимаратына шеру тартып барған. Олар ғимаратқа кіруге талпынғанда атыс басталған.

Наразылар Хорог қаласының орталық алаңында 21 мамырдан бері тұрған еді. Мұның алдында күдікке ілінген "есірткі сатушылар" мен полиция арасындағы атыстан үш адамға оқ тиген. Оның бірі ауруханада қаза тапқан. Осы оқиғадан соң, 24 мамыр күні наразылар жиылып, ұлттық қауіпсіздік қызметі ғимаратына барған.

Куәлердің айтуынша, шерушінің бірі қауіпсіздік қызметі ғимаратына граната лақтырған, кейбірі ғимаратқа оқ ата бастаған.

Тәжікстан үкіметі Хорогты толық бақылауына ала алмай отыр. Таулы Бадахшан облысы қару мен есірткі сатушылар, содырлар шоғырланған аймақ саналады.
XS
SM
MD
LG