Accessibility links

Нетаньяху Брюссельдегі шабуылды айыптады


Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Брюссельдегі Еврей музейін жасалған шабуылды айыптады. Ол бұл оқиғаны «еврейлер мен олардың мемлекетіне қарсы шабуыл жасауға аранадатудың нәтижесі» деп атады.

Сенбі күні Брюссельдегі Еврей музейінде белгісіз біреу оқ атып, салдарынан үш адам қаза тауып, бір адам жараланған. Бельгия полициясы бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бір адам ұсталғанын, тағы біреуі іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.

Куәгерлер оқиға болғарға дейін музейге бір адам кіргенін, онда атыс дыбысы естіліп, ізінше әлгі адам музейден шығып, автокөлікке отырып із суытқанын айтады.

Бельгия сайлаушылары бүгін Еуропарламентке, федералдық парламентке және үш аймақта заң шығарушы органдарға депутаттар сайлауына дауыс беріп жатыр.
XS
SM
MD
LG