Accessibility links

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау соғылды


Ауыл мектебіндегі «соңғы қоңырау». (Көрнекі сурет)

Ауыл мектебіндегі «соңғы қоңырау». (Көрнекі сурет)

Бүгін, 25 мамыр күні Қазақстан мектептерінде дәстүрлі соңғы қоңырау соғылды.

Қазақстан білім және ғылым министрлігі сайтында жарияланған құттықтауында министр Аслан Сәрінжіпов мектеп бітіруші жас түлектерді «адам өміріндегі ең үлкен, ең жауапты қадаммен» құттықтап, биылғы Ұлттық бірыңғай тестті «жақсы тапсырып, қалаған оқу орнына түсіп, ел игілігі үшін қызмет ететін маман болуына» сәттілік тіледі.

Білім және ғылым министрлігінің дерегінше, Қазақстанда биыл орта мектепті 134 мың 648 түлек тәмамдағалы отыр. 92 077 түлек, яғни барлық мектеп бітірушілердің 72 пайызы 2-9 маусым аралығында өтетін Ұлттық бірыңғай тестке қатысуға (63 603-і – қазақша, 28 474-і – орысша) өтініш берген. Олардың 4491-і – «Алтын белгі» үміткерлері.
XS
SM
MD
LG