Accessibility links

Олег Сидякин мен Марат Сайченко Мәскеуге оралды


Украиналық әскерилер ұстаған ресейлік LifeNews журналистері.
Украиналық әскерилер ұстаған ресейлік LifeNews журналистері.
Ресейлік LifeNews телеарнасының журналистері Олег Сидякин мен Марат Сайченко Мәскеудегі редакцияларына қайтып оралды.

Олар Мәскеуге Грозный арқылы жеткен. Украина билігі бір апта уақыт қамауда ұстаған екі журналистің босап шығуына Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров араағайындық жасағаны хабарланды.

Бүгін LifeNews телеарнасы Украинадан оралған екі журналистің баспасөз мәслихатын өткізеді.

Олег Сидякин мен Марат Сайченконы 18 мамыр күні Украина ұлттық гвардиясы Донецк облысындағы Краматорск қаласында ұстаған. News Media холдингінің басшылығы журналистерді босатуға жәрдемдесуді сұрап Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа өтініш жасаған еді. Лавров оларды бостандыққа шығаруға қажетті шаралар қабылдауды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан (ЕҚЫҰ) сұраған болатын.

ЕҚЫҰ баспасөз бостандығы жөніндегі өкілі Дуня Миятович Украина ішкі істер министрі міндетін атқарушы Арсен Аваковқа LifeNews басылымы журналистерін босатуды және болған оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді өтініп хат жолдаған.
XS
SM
MD
LG