Accessibility links

Ресей премьері Қырымға бармақшы


Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев 25 мамыр күні Қырымға екі күндік сапармен бармақшы. Бұл сапар Украинада кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатқан күнімен тұспа-тұс кеп тұр.

Қырымда Медведев Севастополь қаласындағы миграциялық қызмет бөлімшесінде болып, оның жұмысымен танысады. Қалада жергілікті тұрғындарға Ресей паспортын тапсырумен осы мекеме айналысады. 26 мамыр күні Медведев Қара теңіз жағалауындағы «Артек» балалар лагеріне барады деп хабарланды.

Бұл Ресей үкіметі жетекшісінің Қырымға биылғы наурыз айынан бері осымен екінші сапары. 9 мамыр күні Қырымға Ресей президенті Владимир Путин келіп, Жеңіс күні мейрамы құрметіне өткен парадқа қатысқан еді.

Украина билігі мен батыс елдері биыл наурызда Ресейдің Қырымды өзіне қосып алуын халықаралық құқыққа қайшы, заңсыз әрекет деп санайды.
XS
SM
MD
LG