Accessibility links

Порошенко сайлауда жеңгенін мәлімдеді


Украиналық бизнесмен, президенттіктен үміткер Петр Порошенко сайлаудан соң жақтастары алдында сөйлеп тұр. Киев, 25 мамыр 2014 жыл.

Украиналық бизнесмен, президенттіктен үміткер Петр Порошенко сайлаудан соң жақтастары алдында сөйлеп тұр. Киев, 25 мамыр 2014 жыл.

Украиналық олигарх Петр Порошенко Украинадағы кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткенін мәлімдеді. Сайлау учаскелерінде алынған сауалнама қорытындысы 25 мамыр күні сайлаушылардың көпшілігі оның кандидатурасын қолдап дауыс бергенін көрсетеді.

Сауалнама нәтижелері жарияланған соң көпшілік алдында сөйлеген Порошенко өзінің басты мақсаты "соғысты тоқтатып, бейбітшілік орнату" екенін айтты. Ол бұған қоса елдің ресейшіл сепаратистер бақылауындағы шығыс облыстарына баруға уәде берді. Порошенко Украинаның Қырымдағы референдумды және түбектің аннексиялануын мойындамайтынын айтып, украиналықтардың "Еуропамен интеграциялану жолын" таңдап алғанын мәлімдеді.

Сайлауда Порошенконың басты қарсыласы бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенко болды. Сайлау учаскелерінде алынған екі сауалнама нәтижесі бойынша, дауыс берген сайлаушылардың 55,9 пайызынан 57,3 пайызына дейінгісі Порошенконы қолдаса, Тимошенко 12,4 пайыздан 12,9 пайызға дейін дауыс жинаған.

Егер берілген дауыстарды санау қорытындысы осылай болып шықса, онда Украинада сайлаудың екінші кезеңі болмауы мүмкін.
XS
SM
MD
LG