Accessibility links

Ресей хоккейден әлем чемпионы атанды


Ресей мен АҚШ хоккейшілері ойын кезінде жанжалдасып қалды. Минск, 12 мамыр 2014 жыл.

Ресей мен АҚШ хоккейшілері ойын кезінде жанжалдасып қалды. Минск, 12 мамыр 2014 жыл.

Ресей хоккей құрамасы Минскіде өткен әлем чемпионатының финалында Финляндияны 5-2 есебімен ұтып, әлем чемпионы атанды. Ресей құрамасы 1991 жылы Совет Одағы құлағаннан бері осымен бесінші рет әлем чемпионы атанып отыр. Сочиде өткен қысқы олимпиада ойындарында Ресей ширек финалда Финляндия командасынан ұтылып қалған еді.

Чемпионатта Швеция құрамасы Чехияны 3-0 есебімен жеңіп, қола медаль иеленді. Жеңілістен соң 42 жастағы чех хоккейшісі Яромир Ягр бұл өзінің Чехия ұлттық құрамасында соңғы ойыны болғанын мәлімдеген.

Халықаралық хоккей федерациясы әлем чемпионатын адам құқықтары бұзылатын Беларуьсте өткізуге шешім қабылдағаны үшін сынға ұшыраған. Соған қарамастан чемпионаттағы көрермендер аз болған жоқ.
XS
SM
MD
LG