Accessibility links

Порошенконың мәлімдемесі


Порошенконың мәлімдемесі
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:21 0:00

25 мамыр күні өткен сайлаудың ресми нәтижесі шықпай тұрып, өзін жеңімпаз деп жариялаған Петр Порошенко «Украинаның шығысындағы қақтығыстарды тоқтатуға, Еуропа Одағымен (ЕО) тығыз қатынас орнатуға» уәде берді. Сол күні Киевте брифинг өткізген Порошенко «Беделді зерттеу компаниялары сайлаудың бір турмен аяқталғанын, Украинаның жаңа президенті сайланғанын айтып жатыр» деді. Ол «Біз ЕО-мен серіктестік келісімін іске асырамыз, Украинаға Еуропа құндылықтарын әкелеміз. Хаосты тоқтатып, бейбітшілік орнатуға кірісеміз. Украина Қырымдағы Ресей басқыншылығын ешқашан мойындамайды» деп мәлімдеді. Экзит-полға қарағанда, Порошенко - 55 пайыз, оның негізгі қарсыласы Юлия Тимошенко 12 пайыз дауыс алған. Ресми қорытынды бүгін жарияланады. Егер ол экзит-пол нәтижелерімен сәйкес келсе, сайлаудың екінші туры болмайды. Украиналықтар президент сайлауынан кейін елдегі жағдайы реттеледі деп үміттенеді.

XS
SM
MD
LG