Accessibility links

Экзит-полл: Киев мэрі сайлауында Кличко жеңіп тұр


Киев мэріне кандидат Виталий Кличко дауыс беру учаскесіндегі кабинадан шығып келеді. Киев, 25 мамыр 2014 жыл.
Киев мэріне кандидат Виталий Кличко дауыс беру учаскесіндегі кабинадан шығып келеді. Киев, 25 мамыр 2014 жыл.
"Савик Шустер Студия" социологтары жүргізген сауалнама нәтижелері бойынша, 25 мамыр күні өткен Киев мэрі сайлауында УДАР партиясының жетекшісі Виталий Кличкоға сайлаушылардың 57.4 пайызы дауыс берген. Ал оның қарсыласы, Майдан белсендісі Леся Оробец сайлаушылардың 10.3 пайыз даусын жинаған. Киевтің қазіргі мэрі Владимир Бондаренкоға сайлаушылардың 8.2 пайызы дауыс берген.

Киев мэрі сайлауына барлығы 19 үміткер қатысқан. Украина президенттігіне кандидат, экзит-полл қорытындысы бойынша сайлауда жеңіп тұрған Петр Порошенко Киев мэрі сайлауында Виталий Кличко жеңіске жеткенін мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG