Accessibility links

Обама Украинаны президент сайлауымен құттықтады


АҚШ президенті Барак Обама. Нью-Йорк, 15 мамыр 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама. Нью-Йорк, 15 мамыр 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Украина халқын президент сайлауын өткізуімен құттықтады. "Арандатушылық пен зорлық-зомбылықтарға қарамастан, миллиондаған украиналықтар сайлау учаскелеріне барды" дейді Обама.

Мәлімдемесінде Обама Украинаның келесі президентімен және елдің демократиялық жолмен сайланған парламентімен жұмыс істескісі келетінін және Украина үкіметінің саяси және экономикалық реформалар жасау құлшынысын қолдауға дайын екенін айтқан.

Барак Обама "украиналықтар соңғы айларда билігін сырттан ешкімнің килігуінсіз сайлап, зорлық-зомбылықсыз, қауіп-қатерсіз болашаққа деген ұмтылыстарының күшті екенін көрсеткенін" айтқан.

АҚШ президенті Вашингтонның Украинаның территориялық тұтастығы мен егемендігін қолдайтынын, Ресейдің Қырымды аннексиялап алғанын мойындамайтынын айтып келеді.
XS
SM
MD
LG