Accessibility links

Елшілік: Қазақстандағы дауыс беруде Порошенко алда тұр


Украина президенттігіне кандидат Петр Порошенко. Киев, 25 мамыр 2014 жыл.

Украина президенттігіне кандидат Петр Порошенко. Киев, 25 мамыр 2014 жыл.

Украина президенті сайлауына Қазақстан аумағында дауыс бергендердің көпшілігі кандидат Петр Порошенконы қолдаған деп хабарлайды Украинаның Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews сайты.

25 мамыр күні Украинаның кезектен тыс президент сайлауына Қазақстанда тұратын Украина азаматтары Алматы мен Астана қалаларында дауыс берген.

Украина Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәлімететрі бойынша, сайлауда Петр Порошенко алда келеді. Сайлау бюллетеньдерінің үштен бірі саналған сәттегі нәтиже бойынша, Порошенконы қолдап сайлаушылардың 54 пайыздан астамы дауыс берген.

Бұл жолғы сайлауда Астанадағы сайлау учаскесінде тіркелген 612 сайлаушының 89-ы дауыс берген. Олардың 65-і Порошенкоға қолдау білдірген. Алматыдағы сайлау учаскесінде тіркелген 561 сайлаушының 121-і дауыс беруге қатысқан. Оның 89-ы Порошенконы қолдаған. Порошенкодан кейінгі орындарда президенттікке кандидаттар Анатолий Гриценко мен Сергей Тигипко және Юлий Тимошенко тұр.
XS
SM
MD
LG