Accessibility links

Египетте президент сайлауы өтіп жатыр


Египеттегі президент сайлауына түсіп жатқан үміткер Абдел-Фаттах әл-Сисидің жарнамасы жазылған билборд. Каир, 10 мамыр 2014 жыл.

Египеттегі президент сайлауына түсіп жатқан үміткер Абдел-Фаттах әл-Сисидің жарнамасы жазылған билборд. Каир, 10 мамыр 2014 жыл.

Египет азаматтары бүгін, 26 мамыр күні президент сайлауына дауыс беріп жатыр.

Сайлауда президенттіктен үміткер, былтыр жазда Египеттің демократиялық жолмен сайланған президенті Мұхаммед Мурсиді биліктен тайдыруда басты рөл атқарған бұрынғы армия қолбасшысы Абдел Фаттах әл-Сиси жеңіске жетеді деген болжам басым.

Мурси биліктен кетірілген соң оның исламшыл "Мұсылман бауырлар" қозғалысына тыйым салынды. Қозғалыстың жүздеген жақтасы полициямен қақтығыстарда қаза тауып, тұтқындалды, мыңнан астам жақтасы өлім жазасына кесілді.

Жақтастары әл-Сисиді елдегі проблемаларды, оның ішінде энергетикалық дағдарыс мәселесін шешіп, елдегі исламшыл күштердің зорлық-зомбылығын тоқтатады деп сенеді.

Бірақ халықаралық құқық қорғау ұйымдары Египет әскерилерін "Мұсылман бауырлар" қозғалысын басып-жаншу кезінде адам құқықтарын бұзды деп айыптайды.

Египеттегі президент сайлауы ертең, 27 мамыр күні аяқталады.
XS
SM
MD
LG