Accessibility links

Порошенко: "Үкіметті өзгерту ойымда жоқ"


Петр Порошенко. Киев, 25 мамыр 2014 жыл.

Петр Порошенко. Киев, 25 мамыр 2014 жыл.

Украинадағы президент сайлауында экзит-пол бойынша "жеңісін" жариялаған кандидат Петр Порошенко президент болып сайланған жағдайда қазіргі үкімет құрамы мен премьер-министр Арсений Яценюкті ауыстыру ойы жоғын мәлімдеді.

Украина орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, мамырдың 25-і күні өткен сайлау бюллетендерінің жартысынан көбін есептегендегі алдын-ала нәтиже бойынша, олигарх Петр Порошенко 54 пайызға жуық дауыс жинап, жеңіп тұр. Бұл басымдық сақталса, ол сайлаудың алғашқы кезеңінде-ақ елдің жаңа президенті атанбақ.

Киевте 26 мамырда сөйлеген Порошенко Украинаның шығысының "Сомалиге айналуына" жол бермейтінін айтты.

Ол бұған қоса Ресейдің араласуынсыз Украинаның шығысында тұрақтылық орнатудың мүмкін емесін айтып, келесі айдың басында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуді жоспарлап отырғанын білдірді.

Ал Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинадағы президент сайлауы "проблемалардан ада болмағанын" айтып, Мәскеудің Украина халқының президент сайлауындағы еркін құрметтейтінін мәлімдеді. Лавров Порошенко Украинада орныққан экстремистік көзқарастарды жоюға бар күшін салады деп үміттенетінін айтты.
XS
SM
MD
LG