Accessibility links

Порошенко Украина президенті болып сайланды


Украина президенті болып сайланған Петр Порошенко. Киев, 26 мамыр 2014 жыл.

Украина президенті болып сайланған Петр Порошенко. Киев, 26 мамыр 2014 жыл.

Украина орталық сайлау комиссиясының төрағасы Михаил Охендовский 25 мамыр күні өткен дауыс беру қорытындысында кандидат Петр Порошенко президент болып сайланды деп мәлімдеді.

Киевте өткен баспасөз жиынында Охендовский президенттікке сайлану үшін жеткілікті дауыс жинағандықтан сайлаудың екінші кезеңін өткізудің қажеті жоғын айтты.

Сайлау комиссиясының дерегінше, дауыс берілген бюллетеньдердің 90 пайызы саналған сәттегі нәтиже бойынша, Петр Порошенко 54 пайыз дауыс жинаған. Оның басты қарсыласы - экс-премьер Юлия Тимошенконы сайлаушылардың 13 пайызы жақтап дауыс берген.
XS
SM
MD
LG